Қаз l Рус l Eng
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ 
 
ҚЫЗМЕТТЕР БІЗДІҢ ФЛОТ РЕЙСҚА ТАПСЫРЫС EMPTY LEG БІЗДІҢ ПАРТНЕРТЕР
    Tel.:+7 (727) 387 37 56
      +7 (727) 387 00 26
Fax:+7 (727) 387 00 90
E-mail: info@kazairjet.kz
 






cessna
Cessna
Tu 154
Bell Agusta
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Динамикалық және жағрафиялық ауқымдылықты қамтитын заманауи бизнес көліктің жылдам әрі мобилді түрлерін пайдалану қажеттілігін алға тартады. Сондықтанда, бизнес-авиация бүгінгі таңда бизнесті тиімді жүргізудің құралы ғана емес, сонымен қатар іскерлік имидж бен мәдениеттің маңызды бөлігі болып саналады.

Іскер немесе саясаткер, әртіс немесе спортшы болыңыз, жалғыз немесе әріптестеріңізбен, конференцияға немесе семинарға, көрмеге немесе гастрольге, спорттық сайыстарға немесе демалысқа ұшуды көздесеңіз сізге ең қажеттісі – жайлылық пен жеделдік. Бұл бизнес-авиация ұшақтарын пайдалану арқылы мүмкін болмақ.

«Kaz Air Jet» әуекомпаниясы жеке және топпен ұшулар үшін кез келген чартерлік әуерейстерін ұйымдастыру бойынша барлық қызметтерді көрсетеді. «Kaz Air Jet» компаниясына ұшақтар мен тікұшақтарға тапсырыс беру – күнделікті рейстердің күнтізбесінен және қарбаласқан көпжанды әуежайдан, уақытқа және аумақтық шекараларға бағынудан босауға, ұшу барысында бөтен адамдардың болмауына қол жеткізеді.

Бізге қашан және қайда ұшу керек екенін хабарласаңыз жетіп жатыр, біз сізге әртүрлі әуе кемесімен, әлемнің кез келген жеріне  ұшудың бірнеше нұсқасын таңдауыңызға қарай ұсынамыз. Әуе кемесін таңдағанда, ұшақ және оның жиынтығымен алдан ала танысу ұсынылады. Сізбен ұшудың оңтайлы кестесі және бағыты келісіледі, сіз оларға жоспарларыңызға қарай, өзгерістер енгізе аласыз.

«Kaz Air Jet» - еркіндік, тәуелсіздік пен құпиялылықты қадір тұтып, жоғары қызмет түрлерін бағалайтындардың таңдауы.

«Kaz Air Jet» негізі 04.12.2007 ж. қаланған.
29.04.2008 ж. эсплуатант сертификаты берілді.

«Kaz Air Jet» туы аясындағы алғашқы ұшу Agusta A-119 тікұшағында 18.08.2008 ж. іске асырылды.\

 

 

Designed by "BRAND STYLE" creative agency
Website by AWStudio.kz
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ 
ҚЫЗМЕТТЕР БІЗДІҢ ФЛОТ РЕЙСҚА ТАПСЫРЫС EMPTY LEG БІЗДІҢ ПАРТНЕРТЕР